Жаңалықтар

Оқудан шығып, қылмысқа кірісті: студентке 15 жыл жаза тағайындалды

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы Таиландтан есірткі алып, елімізде таратқан студенттің ісі туралы мәлімет жариялады деп жазады qandastar.kz

Прокурора өкілдерінің хабарлауынша, сотта бұрын университеттен шығарылған студентке қатысты қылмыстық іс қаралған. Ол аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталып отыр.

Қылмыс Таиландтан Қазақстанға аса ірі көлемде есірткі заттарын жіберу, сондай-ақ оларды қоғамдық орындарда «закладка» әдісі арқылы бірнеше рет сату фактілеріне қатысты.

Сот үкімімен айыпталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button