Білім

Оқушыларға еден жуғызып, еңбекке баулу керек – Геннадий Шиповских

Геннадий Шиповских мектептерге қайтадан кезекшілікті енгізу керектігін айтты.

Геннадий Шиповских бұл туралы 24kz телеарнасының Арнайы жоба бағдарламасына берген сұқбатында айтқан, деп хабарлады qandastar.kz

Мектепте оқыған кезеңін есіне алған депутат, қазір оқушылар арасында кезекшілік деген атымен жоқ екеніне күйінді.

«Біз бүкіл мектепте өз сыныбымызды өзіміз жуатынбыз. Бала кезінен жасөспірімдерді еңбекке баулу деген болды. Кейінгі уақытта меніңше, ешқандай балаға ешкім еден жудыртпайды. Кезекшілік деген нәрсе жоқ. Қазір баланың қолына «тряпка» берсең «ойбай, менің баламды еңбекке салып жатыр, қинап жатыр екен» дейді. Мектеп жағынан біз соған қайтып келсек деген менің бір ойым бар. Бала кезінен бастап оқушы еңбекке жақын болады. Ойлары да басқаша қалыптасады», – деді Геннадий Шиповских.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close