Білім
Оқушыны аймалаған мұғалімнің бейнежазбасы желіні шулатты

Фото: бейнежазбадан
Семейде оқушы қыздардың момындығын пайдаланған ұстаздың ерсі қылығы әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды qandastar.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалыс «NeMolchiKZ» қорының мәліметінше мұғалім үнемі қыздарды сабақ үстінде осылайша сипалап жүрген.
«Мұғалім оқушы қыздың құлағын, мойнын аймалаған. Қыздар өте ұялшақ және өздерінің жеке шекараларын қалай қорғау керегін білмеді. Бір күні оның қорлап жатқаны камераға түсіп қалып, мектеп чатына жазылып, жанжал мен шу болған. Олардың айтуынша, директор жай ғана құжаттарын беріп, кет деген. Сосын ол мектептен шығып кеткен» деп жазды қор өкілдері.
Қазір кейбір балалар оның басқа мектепте жұмыс істейтінін жазып жатыр.