Әлеумет және қоғамБілімЖаңалықтар

Оқушының сөмкесінен тапанша шықты: мектептегі жағдай қоғамды дүрліктірді

Петропавл қаласындағы мектептердің бірінде оқушының өзімен бірге қаруға ұқсас зат алып келгені туралы ақпарат тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл жөнінде мектеп әкімшілігіне ата-аналар хабарлаған.

Тексеру барысында жасөспірімнің қолындағы зат пневматикалық тапанша екені анықталды. Ол атыс қаруы санатына жатпайды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқушы ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Полиция өкілдері тексеру аяқталғаннан кейін мектептегі күзет қызметкерлерінің әрекеттеріне де құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button