Әлеумет және қоғам

«Ол әйелді ұратын асхана батыры!»: Заңгер қазақ бапкерінің былығын әшкереледі

Фото: sn.kz

Ол тіпті өзінің қателігін айтқан ата-аналарды ұрып, сот алдында жауап берген.

Желіде Париж Олимпиадасында Туниске алтын медаль алып берген қазақ бапкері Есбол Сұлтановтың ерсі әрекеті түсірілген видео туралы тарады. Белгілі заңгер Айгүл Орынбектің жазуынша, ол «әйелді ұратын асхана батыры», деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Тунис спортшысына алтын алып берген қазақ бапкері!

Бұл жігіт елде жүрген кезде қаншама таланты жігіттер спорттан безіп кеткен! Тіпті өзінің қателігін айтқан ата-аналарды ұрып, сот алдында жауап берген. Тіпті ұлттық құрамада жүргенде де нәтиже көрсетпеген. Себебі оның ниеті тек ақша болды. Шет елге де сол ақша үшін кетті деген ойдамын. Оны батыр қылуды доғарыңдар! Ол әйел адамды ұратын, асхана батыры!», – деп видео жариялады Айгүл Орынбек.

Әлгі видеодан қызыл күрте киген ер азаматтың әйелді итеріп жібергені байқалады.

Еске салсақ, Есбол Сұлтанов – Париж олимпиадасында Тунис еліне таэквондадан 2 тарихи жүлде алып берген жаттықтырушы. Былтырдан бері бас бапкер қызметін атқарып келе жатқан қазақ азаматының шәкірттері Париж Олимпиадасында алғаш рет алтын және қола медаль жеңіп алды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close