ЖаңалықтарСпорт

«Ол өз-өзіне үкім шығарды»: Назым Қызайбайдың экс-бапкері Жәнібек Әлімханұлы жайлы қатты айтты

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылғаннан кейін отандасымыздың болашақ мансабына қатысты сарапшылар түрлі пікір айтып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы sportarena.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмабек Өмірзақов өз сұхбатында боксшының алдағы мансабына баға берді.

Назым Қызайбайдың бұрынғы бапкер енді Жәнібекке ірі жекпе-жектерге баратын жол жабық деп санайды.

«Білмеймін, меніңше, ол мұны өзі ойлап таппаған сияқты. Командадағы біреу ұсынған немесе бір жерден естіген. Өйткені ол Ларамен 12 раунд бойы жұдырықтасатынын түсінген. Ал бұл үшін кардио қажет, ал Жәнібек оның бұл қашықтыққа шыдай алмайтынын білген. Эрисланди кубалық мектептен шыққан, 42 жасында ол әлі де жылдам және ең бастысы тәжірибеге ие. Сондықтан ол мельдоний қабылдаған болар. Енді ешкім онымен жекпе-жек өткізгісі келмейді. Менің ойымша, ол өз-өзіне үкім шығарды», — деді ол өз сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, допинг-тест WBO және IBF чемпионының жүрек қызметін жақсартатын және 2016 жылы тыйым салынған мельдоний препаратына оң нәтиже бергенін көрсеткен болатын.

Боксшының өзі бұл жаңалықты естіп, таңғалғанын айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button