ЖаңалықтарШоу бизнес

«Олар қатты ғашық»: Продюсер Баян Алагөзова Ақан Сатаевтың артын ашты

Продюсер Баян Алагөзова режиссер Ақан Сатаев пен актриса Әлмира Тұрсынның арақатынасы туралы ашық айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл туралы ол өзінің қызы Айсәуле Бахытбек жүргізетін YouTube бағдарламасында бөліскен. Бағдарлама барысында Айсәуле анасынан Қазақстандағы ең әдемі жұптарды атауын сұраған. Баян Алагөзова бірден Ақан Сатаев пен Әлмира Тұрсынды атап, оларды «өте әдемі жұп» деп сипаттаған.

«Оларға қараған кезде  бір-біріне қалай ғашық екенін көруге болады. Сырт көзге бәрі көрініп тұр», — деді продюсер.

Айта кетейік, 2020 жылы Ақан Сатаев 26 жыл бірге болған әйелі Нәзира Бақаевадан ажырасқан.

«Ажырасу жақсы емес, бірақ өмір күрделі. Кейде басқа жол жоқ. Біз Нәзирамен еш қақтығыспадық, бәрін сөйлесіп шештік. Балалармен де ақылдастық. Ажырассақ та, біз олардың ата-анасы болып қаламыз. Мұндай шешімге бірге келдік», — деген еді  Сатаев.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button