Шоу бизнес

«Өлердей жақсы көремін»: Жұлдыз Әбдікәрімова шексіз махаббаты туралы айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова мамандығына деген шексіз сүйіспеншілігі туралы ой бөлісті, деп жазады qandastar.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында театрды сағынып жүргенін айтып, сахна жолындағы есте қалған сәттерін еске алды. Оның айтуынша, әр жыл әр қалада өткен қойылымдарда түрлі қиындықтар мен сынақтарға қарамастан, өнерге адалдығын сақтап келген.

Актриса 2021 жылы Түркістанда «Махаббат мұнарасы» спектаклі кезінде жарақат алғанына қарамастан, қойылымды соңына дейін ойнағанын жазады. 2023 жылы Жетісайда «Қара шекпен» қойылымында да ауыр жарақатпен премьераны аяқтауға тура келген. Ал 2024 жылы Атырауда өткен «Махаббат қызық мол жылдар» спектаклі денсаулығы сыр берген кезеңге тұспа-тұс келсе де, рөлдің жауапкершілігін бірінші орынға қойған.

2025 жылдың ақпанында Өскеменде өткен қойылым кезінде қақаған аязда сырқаттанып жүріп сахнаға шыққанын да жасырмады. Соған қарамастан, актриса мұның барлығын жанкештілік емес, кәсібіне деген махаббат деп бағалайды.

«Өз саламды өлердей жақсы көремін. Ешқашан қол үзбесім анық. Шамам жеткенше театр сахнасында қызмет етсем арман жоқ, ал қалғаны қосымша ғана», – деп түйіндеді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button