Жаңалықтар
Олигархтардан алынған қаражатқа мұқтаж жандар үшін баспана салынбақ
Фото: ашық дереккөз
Олигархтардан алынған қаражатқа мұқтаж жандар үшін баспана салынбақ. 12 млрд теңгеге екі нысан тұрғызылмақ, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Нақтыласақ, Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығы салынады. Оның ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды.
Объект іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтілуде.
Тағы бір мысал, Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй салынады.
Айта кетейік, бүгінде арнаулы қорға 177 млрд теңге жиналған.