Жаңалықтар

«Өлік емес»: Екі «тесіктен» кіргізілген келіндер талқыға түсті

Фото видеодан скринделді.

Әлеуметтік желіде екі келінді екі жақтан кіргізген отбасының әрекеті талқыға түсті деп жазады qandastar.kz Democrat.kz сілтеме жасап.

Бір үйге түскен екі келіннің бірін есіктен, бірін терезеден кіргізіп жатқан видео тарады.

«Екі келін тату болуы үшін, балалы болуы үшін осылай ету ырымы бар екен» дегендерге жұрт қатты қарсылық танытты.

«Қазақта бір үйден екі өлік шықса, бірін есіктен, бірін терезеден шығарады. Келіндер өлік емес» дескен жұрт видеоны сын тезіне алды.

Back to top button