Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 29 қаңтардағы отырысында Ата Заңда адамның өмір сүру абсолютті құқығын бекітіп, көрсету неліктен маңызды екенін айтты. Бұл туралы qandastar.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сергей Пономарев комиссия мүшелерінің міндеті Конституция нормаларын қайта жазу емес, оларды бүгіннің шынайы жағдайына сай екшей отырып, жақсарта түсу екенін баса атап өтті.
«Әділетті мемлекет институттар сапасымен ғана емес, ең алдымен адамның негізгі құқықтарын конституциялық сипатта қорғау деңгейімен де өлшенеді. Олардың қақ ортасынан өмір сүру құқығы орын алады. Бұл — бүкіл құқықтар мен бостандықтар жүйесінің ең жоғары құндылығы мен негізі. Осыған байланысты өмір сүру құқығының абсолютті сипатын Конституцияда бекіту қажеттілігі туралы ұстаным қолдауға лайық. Мына норманы Ата Заңда бекіту ұсынылады: «Өмір сүру құқығы — әр адамның абсолютті және ажырамас құқығы. Ешкімнің ерікті түрде адам өмірін қиюға құқығы жоқ». Ең бастысы: «Өлім жазасына тыйым салынады», — деді ол.



