Жаңалықтар

Олжас Абай: «Некедегі әйелге көз салатын мисыз емеспін»

Фото: Олжас Абай әлеуметтік желіден

Актер Олжас Абай соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қызу талқыланған Дариға Бадықова мен оның отбасына қатысты әңгіменің туындауына байланысты жеке мәлімдеме жасады. Бұл туралы хабарлады qandastar.kz.

Өнер иесі өзінің ешкімнің отбасына араласпағанын айтып, желіде тараған сөздердің барлығы жалған екенін жеткізді.

«Ағайын, мен туралы жазылып жатқан жаман пікірлерге ермеңіздер. Осы уақытқа дейін менің киноға деген еңбегімді бағалап, “жақсы актер” деп қошеметтеген едіңіздер. Енді біреудің қызғанышына сеніп, мені жерден алып, жерге салу әділ емес», – деді актер.

Олжас Абай әлеуметтік желідегі қауесеттердің ешқайсысы шындыққа жанаспайтынын айтып, әріптесі Дариға Бадықовамен тек кәсіби қарым-қатынаста болғанын түсіндірді.

«Некедегі әйелге көз салатын мисыз емеспін. Әр нәрсенің соңы болады, бәрі уақыттың еншісінде. Мен 15 жылда 25-тен астам киноға түстім, бар жетістігім – өз еңбегімнің жемісі. Дариғадай талантты актрисамен бірге жұмыс істегенімді өнер жолындағы табыс деп санаймын», – деді ол.

Актер өзінің абыройын қорғап, өнерге адалдығын атап өтті.

«Басымды бала күнімнен тік ұстап келемін. Сол қалпымда ары қарай да жүремін», – деп қорытындылады Олжас Абай.

Back to top button