Жаңалықтар
Олжас Бектенов экономикалық патриотизм қағидатын еске салды
Фото: ашық дереккөз
«Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанатын болады. Біз қашанда отандық өндірушіні қолдаймыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір салалық министрдің міндеті. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс.
Импортты алмастыру жұмыстарын, оның ішінде офтейк-келісімшарттар арқылы жандандыра түсу қажет. Бұл отандық компанияларға өздерін алдағы бірнеше жылдар бойына тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді кеңейтуге және игеруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Экономикасы қарқынды дамыған көптеген елдер ішкі нарықты қолдау және қорғау саясатын белсенді жүргізетінін атап өткен жөн. Халықаралық валюта қоры мұндай қорғау шараларының жартысынажуығы Қытай, Еуропалық Одақ және АҚШ экономикаларына тиесілі.