Жаңалықтар

Олжас Құспеков: Елімізге автокөлік өндірісі туралы заң керек

Фото: ашық дереккөз

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков утильалым туралы ойын айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Оның айтуынша,  утилизацияны  өндірістен ажырату керек. Бұл – экологиялық мәселе.

«Өтініштерді қарау аясында біз Индустрия министрлігінің  утилизацияның не үшін қажет екенін түсіндіріп жатқанын көрдік. Бұл – экологияға қатысты мүлде басқа мәселе, сондықтан оны концептуалды түрде де, практикалық тұрғыдан да ажырату қажет, – деді ол.

Депутат  техникалық регламентке қатысты  сұрақтардың да қордаланғанын меңзеді.

«Елімізде техникалық регламентке сай келмейтін көліктер қалай пайда болады? Бұл – америкалық өндірушілер, бұл қазіргі уақытта нарықта бар оң жақ рульді көліктер. Бұл жол-көлік оқиғаларын арттырады және өлім-жітімді көбейтеді және ол шұғыл шешімді талап етеді. Менің ойымша, біз Мәжіліспен және үкіметпен бірге оларды жақын арада қарастырамыз. Қажет болса, дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, автокөлік өндірісі туралы заңды әзірлеу қажет», – деп түйіндеді ол ойын.

Айта кетейік, бүгін утилализациялық алымды алып тастау бойынша 50 мың қол жинаған петицияға қатысты қоғамдық тыңдау өтеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close