Жаңалықтар
Өнеркәсіп және құрылыс министрі тағайындалды

Тиісті құжатты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған ресми ақпаратта.
1980 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастады. Осы жылдар ішінде Инвестициялар комитетінің атташесі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің атташесі қызметтерін атқарды; Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің департамент басшысы, директорының орынбасары; Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Әкімшілік жұмыс және қоғамдық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары.