Жаңалықтар
Оңтүстік Кореяда министрлер қамалып, отставкаға кетіп жатыр
Фото: nvdaily.ru
Оңтүстік Кореяда министрлер қамалап, отставкаға кетіп жатыр, деп жазды qandastar.kz.
Бұған дейін елден кешірім сұрап, қызметінен кеткен Қорғаныс министрі қамауға алынды. Ким Ён Хёнге “мемлекетке опасыздық” жасады деген ауыр айып тағылып отыр. Арнайы тергеу штабы Кимді тұтқындап, ұялы телефонын тартып алғанын хабарлады. Ол бұған дейін журналистерге президентке әскери жағдай жариялауды өзі ұсынғанын айтты.
Әскери режимді басқарған Ішкі істер министрі отставкаға берді. Ли Сан Мин де осы іс бойынша тергелу үстінде. Ал Президент Юн Сок Ёльге қатысты тергеу амалдары өткен аптада басталған. Оған “Әскери режим енгізіп, елде бүлік жасамақ болды” деген айып тағылып отыр. Президент елден кешірім сұрап, жауапкершіліктен қашпайтынын мәлімдеді.