Оңтүстік Кореяның SBS телеарнасы «Менің кішкентай бойдақ жігітім» атты танымал бағдарлама аясында Алматы туралы шығарылым түсірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Almaty Tourism Bureau-ге сілтеме жасап.
Жобаға корей киноиндустриясының танымал актерлері – Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су қатысты.
«Сапар барысында түсірілім тобы Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу, Көк Базар, Көлсай көлдері және тағы да басқа негізгі туристік орындарда болды», — делінген мәлімдемеде.
Оқырмандар Алматыға арналған шығарылымды ақпан айының басында тамашалай алады.
Түсірілім барысында Almaty Tourism Bureau ұжымы қолдау көрсетті.



