Жаңалықтар
Оңтүстіктен қоныс аудару бағдарламасы сәтсіз аяқталды: Сарапшылар Қазақстанның солтүстік облыстарында халық саны азаяды деп болжады
Фото:depositphotos
Оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге азаматтарды ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы айтарлықтай нәтижелер әкелмеді. Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі демографиялық жағдайды зерттеген ғалымдар осындай қорытындыға келді. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат агенттігі Қазақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеу жетекшісі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры Қайрат Бодаухан болды. Ғалым бағдарламаның іске аспай қалуының себебін жұмыс күшіне сұраныстың жоқтығы, ауа райының қолайсыздығы және жергілікті тұрғындардың менталитеті деп атады.
«Олар сұраған сала емес, басқа сала бойынша мамандар келген. Мысалы, жұмыссыз, қарызға батқан, аз қамтамасыз етілген оңтүстік өңірдің азаматтары жағдайын түзету мақсатында солтүстікке қоныс аударды. Алайда оларға солтүстікте сұраныс болмағандықтан үлкен мәселе тудырды. Солтүстікке көшсе, барлық проблемалар шешіледі деп айтуға болмайды. Себебі ол жердің менталитеті басқа. Екіншіден, солтүстік өңірде көктем оңтүстіктегі қыс мезгіліне ұқсас. Сондықтан оңтүстік өңір тұрғындарының солтүстікте тұруы қиын, өйткені қыс 6 айға созылады«, – деді профессор.
Оның айтуынша, жыл сайын солтүстік өңірлердің халық санының азаюы байқалады. Мәселен, егер 10 мың адам келсе, 18 мың адам кетеді.
Демографиялық болжамдарға сәйкес 2050 жылдарға қарай Қазақстанның солтүстік өңірдегі тұрғын саны 30 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.
Сарапшылар ақшаны адамдарды көшіруге емес, елді мекендердің инфрақұрылымына, яғни жаңа ірі өндіріс орындарын іске қосуға, жоғары оқу орындарын ашуға салған дұрыс деп есептейді. Қалаларды адам өмір сүргісі келетіндей ету керек дейді мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай. Ол Түркістанды мысал ретінде келтіреді.
«Біз Түркістан қаласын реконструкциялау мен трансформациялау кезінде ішкі миграцияның баяулағанын байқадық. Болашағы астананың құрылысы сияқты жарқын көрінетін қалаға, әсіресе жастар арасында халықтың ағылуы байқалды. Дәл сондай, солтүстікте бір үлкен жобаны бастау керек. Бір қалаға саяси маңыз беру және жаңа келбет беру қажет. Менің ойымша, сонда ғана осы қалаға жастар белсенді түрде қоныс аударады», – деді депутат.
Айта кетейік, бұған дейін 2017 жылдан 2021 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік Қазақстаннан 12 мың адам қоныс аударды. Олардың екі мыңы өз өңіріне оралған.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ішкі мигранттар тек қоныс аударатын өңірлерде жұмыс істеуге міндеттелетінін жазған едік. Сонымен қатар мемлекет есебінен сатып алатын жылжымайтын мүлік бойынша мәліметтерді объектілерге барып тексеру ұсынылады. Еңбек мобильді орталықтарына сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалау арқылы алынған шағымдану құқығын кеңейту де ұсынылды.