ЖаңалықтарМәдениет

«Оның музыкасы шекараларды бағындырады»: Димаш БҰҰ-ның дүниежүзілік ізгілік елшісі атанды

Күні кеше Женевада БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы Димаш Құдайбергенге жаһандық ізгілік елшісі мәртебесін берді, деп жазады qandastar.kz порталы dimashnews.com-ға сілтеме жасап.

2024 жылы Димаш ұйымның өңірлік ілгілік елшісі болып тағайындалған еді.

Сол жылы Ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға сапарында әншінің гуманитарлық қызметін өнері арқылы ілгерілету жөніндегі пікірін айтқан болатын.

«Димаш өз дауысын тек тыңдаушыларына ерекше әсер қалдыру үшін ғана емес, сонымен қатар қиындықтардан зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетіп, көмектесіп, сондай-ақ олардың мәдени ерекшелігін таныту үшін де пайдаланады. Оның музыкасы шекараларды бағындырса, ал қызметі назардан тыс қалатын адамдардың өміріне назар аудартады. Олардың өмірін халыққа таныстыра отырып, ол ХКҰ жұмысының негізіне айналған төзімділік пен инклюзивтілік рухын көрсетуге тырысады. Біз оны ХКҰ-ның жаһандық ізгілік елшісі ретінде көргенімізге қуаныштымыз, сондай-ақ, оның бұл іске ерекше үлес қосатынына сеніміміз мол», — деді ХКҰ бас директоры Эми Поуп.

Жоғары жиын алдында Димаш Құдайберген бұл қызметке қатысты өз ойын білдірді.

«Мен үшін ХКҰ-ның жаһандық Ізгілік елшісі болу – ең алдымен үлкен жауапкершілік.

Алайда осы миссия арқылы қауіпсіз көші-қонды қолдай отырып, мейірімділік пен жанашырлықты насихаттап, барлық қауымдастықтарды біріктіруге үлес қосқым келеді. Әрбір жүрек – бізді жақындастыратын жарық, сол жарық арқылы біз бір үлкен әлемді бірге құрып келеміз.

Тағы да осы зор құрмет үшін алғысымды білдіремін. Мен ХКҰ отбасының бір мүшесі болғанымды мақтан тұтамын және сіздермен бірге осы маңызды жолды әрі қарай жалғастыруға әрқашан дайынмын», — дейді әнші.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button