Жаңалықтар

«Опық жедім»: Белгілі блогер екінші рет тұрмыс құрғанына өкінді

Ақтаулық танымал блогер Салтанат Аманқосқызы оқырмандарына жеке өміріндегі ауыр кезең туралы ашық әңгіме айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

Ол күйеуімен ажырасқаннан кейін енді тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді.

Салтанаттың сөзінше, ақ көйлекті тек түсірілімдер кезінде киетін болады және болашақта отбасын құруды жоспарламайды. Ол махаббат пен сезімге деген сенімін жоғалтқанын жеткізді. Блогер ата-анасымен ашық сөйлескенін, әсіресе әкесінің айтқан сөздері оның жүрегіне ауыр тигенін атап өтті. Әкесі: «Қызымды осылай жылату үшін бердім бе?» деп күйінген.

Салтанат өзіне екінші рет тұрмыс құрудың үлкен қателік болғанын мойындап, енді ешкімге сенгісі келмейтінін айтты. Желіде оның бұл сөздеріне әртүрлі пікірлер айтылып, көпшілік оған қолдау көрсетті.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button