
Фото: ашық дереккөз
Орал қаласында кәмелетке толмаған қыз балаға зорлық жасалды деген күдікпен ер адамға іздеу жарияланды, деп жазды qandastar.kz Уральская неделя Telegram арнасына сілтеме жасап.
Хабарлама 29 қыркүйек күні кешке таралған. Алайда полиция тарапынан бұл оқиға жайлы ресми ақпарат тек шектеулі көлемде ғана берілді. Құзырлы орган өкілдері күдіктіні іздеу жұмыстары жүріп жатқанын тек әлеуметтік желілерде Зачаганск елді мекенінде қыз балаға қатысты қылмыс жасалғаны туралы мәліметтер тараған соң растаған.
Қазіргі уақытта жәбірленуші қыз ауруханаға жатқызылған. Оның жағдайына қатысты нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Айта кетейік, биыл Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар саны артқан. Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылы мұндай 10 іс сотта қаралса, 2025 жылдың алғашқы сегіз айында 12 іс тіркелген.