Жаңалықтар
Оралда полицей адамды қағып өлтірді
Фото: ашық дереккөз
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері автокөлігімен ер адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды qandastar.kz
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Орал қаласына қарасты Меловые горки ауданында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша жол-көлік оқиғасы жолдың жарықтандырылмаған бөлігінде болған. Қарсы келе жатқан автокөліктің жарығы жүргізушінің көзін қарықтырып жіберген.
– Автокөлік рулінде полиция қызметкері болды. Медициналық куәландыру оның ішімдік ішпегенін көрсетті. Полиция қызметкері ішкі істер органынан қуылды. Қызметтік тексеру жүргізілуде. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, – деп хабарлады ведомстводан.