Жаңалықтар
Оралдағы спорт мектебінде 5 жасар бала мүгедек болып қалды

Орал қаласындағы спорт мектебінде 5 жасар бала көз жанарынан айырылып, мүгедек болып қалды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Ауыр жарақат алған Ерсұлтан есімді бүлдіршін бүгінде ресми түрде мүмкіндігі шектеулі бала ретінде тіркелген.
Оқиға Оралдағы “Arashi MMA” спорт мектебінде болған. Баланың анасының айтуынша, жаттығу барысында ересек спортшылардың бірі ауыр темір жабдықты итеріп жіберіп, соның салдарынан Ерсұлтанның көзіне қатты зақым келген.
Жәбірленушінің анасы бұл жағдайға байланысты полицияға арыз жазғанымен, іс тоқтатылған. Осыған байланысты ол наразылығын білдіріп, ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінен істі қайта қарауды талап етуде.
Аталған шағым әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қоғам арасында қызу пікірталас тудырды.