Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Оралдағы тойда «тентек кәде» жанжалға ұласты: бір адам ауруханаға түсті

Орал қаласында өткен үйлену тойында "тентек кәде" дәстүрі кезінде шыққан жанжал салдарынан бір қонақ ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Орал қаласында өткен үйлену тойында қазақтың «тентек кәде» дәстүрі күтпеген жағдаймен аяқталды. Әзіл-қалжыңға негізделген рәсім барысында қонақтардың бірі әзілді дұрыс қабылдамай, жанжал шығарған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Мой город порталына сілтеп хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, күйеу жігіттің жақындарының бірі әзіл айтқан азаматқа жұдырық жұмсаған. Салдарынан зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның бірнеше қабырғасы сынғанын және бірнеше тісінен айырылғанын анықтаған. Қазіргі уақытта оның денсаулық жағдайы бақылауда.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша ресми арыз түспеген. Соған қарамастан, жанжалға қатысқан азаматтардың жеке басы анықталып, тексеру жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қатысушылардың түсіндіруіне сәйкес, болған жағдайдың қойылым сипатында болғаны айтылған. Алайда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button