Оралман куәлігі

Оралман мәртебесін беру қағидалары 2013 жыл

Оралман

Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі
№ 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген

Оралман мәртебесін беру қағидалары

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 08.01.2016 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Оралман мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтарға, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларына қолданылады.

2. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген оралман
мәртебесін алуға үміткер этникалық қазаққа және оның отбасы
мүшелеріне оралман мәртебесін беру

3. Оралман мәртебесін беруге өтінішті (бұдан әрі – өтініш) оралман мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған Мемлекеттік корпорация (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы береді.
4. Өтінішке мынадай құжаттар:
1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосуреті;
3) нотариат куәландырған аудармасымен өтініш білдіруші үміткердің және онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;
4) үміткердің осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
5) отбасы отағасына, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (бар болса) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі-ЖСН) берілгені туралы анықтаманың көшірмелері не ЖСН бар екендігін растайтын өзге де құжаттар қоса беріледі.
5. Өтінішті тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін алуға үміткер адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады және үміткерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның тіркелгені туралы жазбаша хабарлама беріледі. Өтінішті тіркеу үміткер адам мен оның отбасы мүшелері туралы деректер «Оралман» дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Оралман» ДҚ ААЖ) енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Үміткердің және оның отбасы мүшелерінің басқа өңірдің жергілікті атқарушы органында тіркелгені анықталған жағдайда, аталған жергілікті атқарушы орган жергілікті атқарушы органның сұрау салуы бойынша үміткердің және оның отбасы мүшелерінің қолда бар құжаттарын тапсырады және «Оралман» ДҚ ААЖ жазбасына тиісті түзетулер енгізеді.
Өтініш тіркелгенге дейін жергілікті атқарушы орган не Мемлекеттік корпорация «Оралман» ДҚ ААЖ арқылы өтініш білдіруші адамның және оның отбасы мүшелерінің деректерін оның (олардың) басқа өңірдің жергілікті атқарушы органында тіркелу мәніне тексереді.
7. Өтінішті «Оралман» ДҚ ААЖ-ға тіркеген сәтте жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің деректерін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – «Жеке тұлғалар» МДҚ) арқылы онда (оларда) жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) болу мәніне тексереді.
ЖСН болған жағдайда жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеген кезде қолда бар ЖСН пайдаланады.
«Жеке тұлғалар» МДҚ-да ЖСН болмаған кезде, жергілікті атқарушы орган үміткер берген құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен үміткердің деректерін «Оралман»ДҚ енгізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің халықты құжаттау жүйесіне (бұдан әрі – ІІМ ХҚЖ) ЖСН генерациялау үшін электрондық сұрау салу жібереді.
8. Өтінішті тіркеу үміткер мен оның отбасы мүшелері 2-тармақтың талаптарына сай болған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген талаптар сақталғанда ғана жүзеге асырылады.
Өзгеше жағдайларда өтінішті тіркеуден бас тартылады және үміткерге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хабарлама беріледі.
9. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және ресімдейді.
Жергілікті атқарушы орган мынадай шешімдер қабылдай алады:
1) үміткер мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және жергілікті атқарушы органға жеке немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде оған (оларға) оралман мәртебесін беру;
2) үміткер мен оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жүгінген кезде – Қазақстан Республикасының аумағына келген жағдайда оған (оларға) оралман мәртебесін беру туралы оң шешім шығару (бұл ретте қорытындыда оралман куәлігін алу үшін қайтадан өтініш беру шарттары түсіндіріледі) немесе дәлелді бас тарту.
10. «Оралман» ДҚ ААЖ-дан алынған жеке деректердің негізінде ІІМ ХҚЖ ЖСН шынайы уақыт жағдайында генерациялау рәсімін жүзеге асырып, оны «Оралман» ДҚ ААЖ-ға жібереді.
ІІМ ХҚЖ-дан ЖСН алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар ЖСН оралман куәлігіне қалыптастыруды жүзеге асырады.
Деректер өзгерген жағдайда («Оралман» ДҚ қате деректер енгізген кезде немесе мәліметтер жойылған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ ХҚЖ жүргізілген жеке деректерді өзгерту туралы хабарлама жібереді.

3. Қазақстан Республикасының шетелдегі
мекемелері арқылы оралман мәртебесін беру

11. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алу туралы өтініш береді.
12. Өтінішке мынадай құжаттар:
1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосурет;
3) нотариат куәландырған аудармасымен үміткердің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;
4) үміткердің осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмесі қоса беріледі.
13. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері өтініш берушіге осы Қағидаларға 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алу туралы өтінішінің кіріс хат-хабары ретінде тіркелгендігі туралы жазбаша хабарлама береді және өтініш пен құжаттарды Заңның 20-бабына сәйкес шешім қабылдау үшін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
14. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш берушіге жеткізу үшін жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін беруге келісетіні не бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып, одан бас тартуы туралы шешімін жібереді.
15. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазаққа мәртебе беру келісімін алғаннан кейін бір ай ішінде оны өтініш берушіге жібереді немесе бас тартылғаны жөнінде хабарлайды.
16. Этникалық қазақ және оның отбасы мүшелері тұрғылықты жеріне келгеннен кейін оралман мәртебесін алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінеді.
17. Өтінішке:
1) оралман мәртебесін беруге келісім берілгені туралы бұрын шығарылған шешімнің көшірмесі;
2) ішкі істер органдарының уақытша тіркелгені туралы белгісі бар көші-қон карточкаларының көшірмелері қоса беріледі.
18. Өтінішті тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші тапсырған құжаттардың негізінде қолмен енгізу арқылы кеңейтілген жеке деректерді қоса отырып, ІІМ ҚХЖ арқылы өтініш берушінің бастапқы мәліметтерін (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тексереді.
19. Өтінішті «Оралман» ДҚ ААЖ-ға тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің деректерін «Жеке тұлғалар» МДҚ арқылы онда (оларда) ЖСН болу мәніне тексереді.
ЖСН болған жағдайда жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеген кезде қолда бар ЖСН пайдаланады.
«Жеке тұлғалар» МДҚ-да ЖСН болмаған кезде жергілікті атқарушы орган үміткер ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу арқылы үміткердің деректерін «Оралман» ДҚ енгізеді және ЖСН генерациялау үшін ІІМ ҚХЖға өтінім жібереді.
20. Өтінішті тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін алуға үміткерлерді тіркеу журналында жүзеге асырылады және үміткерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның тіркелгені туралы жазбаша хабарлама беріледі.
21. Жергілікті атқарушы орган бұрын қабылданған шешімді ескере отырып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және ол жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
22. «Оралман» ДҚ ААЖ-дан алынған жеке мәліметтердің негізінде ІІМ ХҚЖ ЖСН шынайы уақыт жағдайында генерациялау рәсімін жүзеге асырып, оны «Оралман» ДҚ ААЖ-ға жібереді.
ІІМ ХҚЖ-дан ЖСН алғаннан кейін жергілікті атқарушы орган ЖСН оралман куәлігіне қалыптастырады.
Деректер өзгерген жағдайда («Оралман» ДҚ қате деректер енгізген кезде немесе мәліметтер жойылған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ ХҚЖ жүргізілген жеке деректерді өзгерту туралы хабарлама жібереді. Аталған рәсім тек оралман куәлігін бергенге дейін орындалуы мүмкін.
23. Оралман болып танылған өтініш берушіге және оның кәмелетке толған отбасы мүшелеріне осы Қағидаларға 8-қосымшағасәйкес нысан бойынша Оралман куәлігінің берілуін есепке алу журналында тіркелген осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман куәлігі беріледі.
Оралманның кәмелет жасына толмаған отбасы мүшелері өтініш берушінің немесе оның жұбайының (зайыбының) куәлігіне осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкес жазылады.
24. Оралман куәлігі қатаң есептегі құжат болып табылады және оның мәртебесін растау үшін негіз болады.
25. Куәлікті жоғалтқан жағдайда, оралман жоғалтқаны және оның телнұсқасын беру жөнінде еркін нысандағы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді. Жергілікті атқарушы орган өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұдан бұрын берілген нөмірімен куәліктің телнұсқасын береді, оған «телнұсқа» деген мөртаңба қойылады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close