
Сот Гүлнәр Бажкеноваға қатысты екі ай мерзімге үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған. Тергеу сотының шешімін журналисттің адвокаты Мұрат Адам хабарлады, деп жазады qandastar.kz
Біз бұған дейін Алматыда «Орда» басылымының бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалып, оның үйі мен жұмыс орнында тінту жүргізіліп жатқаны туралы жазған болатынбыз.
Айта кетсек, ORDA басылымының бас редакторына «көрінеу жалған мәліметтерді бірнеше рет және қасақана тарату фактілері бойынша» қылмыстық іс қозғалған болатын. Алматы қалалық полиция департаменті журналисттің үстінен бірнеше арыз түскенін растады.



