Әлем жаңалықтарыЖаңалықтарСаясат

Орталық Азия басшылары VII Консультативтік кездесуде бірлескен мәлімдеме қабылдады

Орталық Азия елдері басшылары VII Консультативтік кездесудің қорытындысы бойынша ортақ мәлімдеме жариялады, деп жазды qandastar.kz

Ақорданың хабарлауынша, мәлімдемеде 2027–2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қырғыз Республикасын ұсыну жөнінде БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арнайы үндеу жолданған. Сондай-ақ Әзербайжан Республикасын Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің толық құқылы қатысушысы ретінде тану туралы шешім қабылданды.

Бірлескен мәлімдеме аясында келесі құжаттар бекітілді:

  • Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тұжырымдамасы;
  • 2026–2028 жылдарға арналған өңірдегі қауіпсіздік қатерлері және олардың алдын алу жөніндегі тізбе.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button