Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
«Орталық Азия + Жапония» диалогінің бірінші саммиті өтеді
Фото: ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді, – деп хабарлайды qandastar.kz Aikyn.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» диалогінің бірінші саммиті өтеді.
10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.