Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Болатбек Мамарбаев тағайындалды.
Болатбек Омарбекұлы 1988 жылы Үржар ауданының Мақаншы ауылында дүниеге келген. Ол Шығыс Қазақстан аймақтық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, 2024 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында бизнес және менеджмент бағытында магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолында түрлі қызметтер атқарып, 2025 жылдың 3 ақпанынан бері Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі болған.
Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айында Өскемен қаласының әкімі болып Алмат Ақышев тағайындалған еді.
АҚПАРАТ YK-NEWS.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН.




