Жаңалықтар

Өскеменде көлік тізгіндеген зейнеткер жол үстінде көз жұмды

Кеше, 25 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында 67 жастағы зейнеткер көлігін жүргізіп келе жатып, көз жұмған, деп жазады qandastar.kz сайты Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зейнеткердің жағдайы күрт нашарлаған.

Suzuki маркалы көлікті жүргізіп келе жатқан 67 жастағы зейнеткердің жағдайы күрт нашарлап, көлік тоқтап қалған. Оның жанындағы жолаушы жедел жәрдем шақырған. Алайда, дәрігерлер келгенше зейнеткер көз жұмды, – деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button