Жаңалықтар
Өскеменде тұрғын үй өртеніп, ондаған адам құтқарылды

Өскеменде 10 мамырға қараған түні тұрғын үйдің 5-қабатынан өрт шықты. Бұл туралы qandastar.kz сайты хабарлады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Г. Потанин көшесі бойында орналасқан тоғыз қабатты үйлердің бірінің 5-қабатындағы пәтерден шыққан.
“Қатты түтіннің салдарынан 20 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Сондай-ақ 14 адам құтқарылды, оның жартысы балалар” – делінген хабарламада.
Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Көмірқышқыл газынан уланған пәтер иесі Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел медициналық жәрдем орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызылды.