ШҚО-ның жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Нариман Алмасұлы тағайындалды. Бұған дейін басқарманы басқарған Данияр Уахитов қызметінен босатылды, деп жазады qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
«Бұл шешім облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында қабылданды», — делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, Өскемендегі Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін облыс әкімінің протоколдық тапсырмасымен құқық қорғау органдарының қатысуымен тексеріс жүргізілген.
«Соның қорытындысы бойынша басқарманың бұрынғы басшысы Данияр Уахитовтың заңға қайшы әрекеттері анықталды. Іс бойынша соңғы құқықтық бағаны уәкілетті органдар береді», — делінген хабарламада.



