ЖаңалықтарШоу бизнес

«Осы гүлді көп күттік қой»: Танымал әзілкеш жұбайына гүл сыйлаймын деп елдің ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров мерейтойлық концертінде келіншегін сахнаға шығарып, қызу талқыға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әзілкеш гастрольде жүрген кезінде 6-шы қызы дүниеге келгенін атап өтіп, әйелінің назын да айтты.

«Роддомда Нұргүлдің іші пысып отырып, Instagram-ға «мен 6-шы баланы дүниеге әкеліп жатырмын, мүлдем гүл алмаппын» деп жазып қойыпты. Бүгін залда келіншегім отыр, бір рахметімді білдіріп, гүл бергім келіп отыр», — деді әзілкеш.

Оның бұл әрекетін көрермендермен қатар, желі қолданушылары да құп көріп жатыр.

«Ел боп күттік осы гүлді» сынды қалжың пікірлер де жазылып жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button