Жаңалықтар

«Осы салттың керегі не?»: Қариялардың көрпе астындағы іс-әрекеті көпшіліктің ашуына тиді

Фото: ашық дереккөз
Желіде ата мен әженің көпшіліктің көзінше көрпе жамылып жатқаны көпшіліктің ашуына тиді. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Желі қолданушылары құдалық кезінде қыздың жасауын әкелгенде көрсетілетін қазақы ырым дегенді жарыса жазып жатыр. Алайда кейбір оқырман қауымның шамына да тиді.

“Мына албастыларды жауапқа тарту керек! Не масқара шалдыкі не, артылып мініп алған несі, алжыған ұятсыздар”, “Кемпірі жоқтар кіммен жатады?”, “Қазақта осындай ұятсыз ырым жоқ, болған емес. Ойдан шығарған ерсілік. Мынаны көріп тұр,ан кіші балалар не ойлайды? Арсыздар!!! Ақсақалдарымыз осындай болса, жетіскен екенбіз! Не болып кетті? Не істеп жатсыңдар, бауырлар? Ырым-салт мұндай емес еді ғой. Қазақтың салт-ғұрпын аяққа тастадыңдар ма? “Құдалықта жасалатын осы салттың керегі не?”, “Ұят қой мынау, масқара! Ақсақалдарымыздан да ес кетіп есер болған заман-ай. Мынау, не масқара, үлкендерден үлгі алар ештеңе қалмады. Жабайылық», – деп сынады желі қолданушылары.

Еске салайық, әнші Абай Бегей де ұлының құдалығында көрпеге аунап, сынның астында қалған еді.

“Фариза екеумізді көрпеге аунатқан видеомыз әлеуметтік желіге таралып кетті. Қаншама пікір жазылып жатыр. Ақтаулық достарым “бізде мұндай салт жоқ, қайдан шығарып жүрсің” деп ренжіді. Өз басым осындай дәстүр барын білетінмін, батыс өңірінде жоқ болғасын мән беріп, зерттемеген едім. Оңтүстік өңірде бар екен. Қазақтың ежелгі дәстүрінде де болған. Кейін уақыт өте келе қолданыстан шығып қалған”, – деп түсіндірген еді өнер иесі.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close