Желіде тазалықшы жігіт, танымал блогер Нұрхан Нұрмаханбет образымен жұртты әбден таңғалдырды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі qazaqtoday парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бірақ блогер өзін ақтап шықты.
«Достар, жәй образ. Жаман ойлап қалмаңыздар», – деп жазды ол.
Бірақ оның нәзік образда түскен видеосы көпшілікке жақпай қалды. Комменттерде жұрттың реакциясы бірден екіге бөлінді: біреулер күлкіге бұрса, енді бірі мүлде қабылдай алмады.
Қолданушылар «Сабина боп кете жаздапсың», «Қатты жел соқса, ұшып кететін сияқты», «Мынау бізден асып түскен ерке ғой», «Алла бала-шағамызға сана берсін», “Осыны неге военкомат ұстап әкетпейді» деп пікір қалдырған.



