Жаңалықтар
Ота 2 сағатқа созылды: Қазақстандық дәрігерлер науқастың ішінен 30 келілік қатерлі ісікті алып тастады
Фото: Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
Алматыда қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері науқас әйелдің ішінен салмағы 30 келі қатерлі ісікті алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Онкогинекологтар тобы бұрын-соңды болмаған ота жасады. 65 жастағы әйел іші ауырып, ісіп кеткенін айтып, ауруханаға келген. Дәрігерлердің айтуынша, науқас алғаш рет 2023 жылы ішінің төменгі жағы ауыратынын айтып келген. 2024 жылы маусым айынан бастап әйелдің іші ісініп, жүруі қиындай түсті. Іш қуысының компьютерлік томографиясын түсіргенде жамбас сүйегінен үлкен ісік анықталды.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы 13 тамызда онкогинекология орталығында науқастың сырқаты туралы талқыланып, дереу хирургиялық ота жасау ұсынылғанын айтты. Әйел ауруханаға жатқызылып, оған шұғыл ота жасалды.
Үш кезеңнен тұрған ота 2 сағатқа созылды. Гистологиялық зерттеу нәтижелері бойынша науқасқа аналық бездің қатерлі ісігі деген диагноз қойылды. Науқастың аяғындағы тамырлары ауыратындықтан дәрігерлер алдымен екі жақты кроссэктомия жасады. Одан кейін оң жақ аналық бездің үлкен ісігі алынып тасталып, толық аднексальды гистерэктомия жасалды. Сондай-ақ дәрігерлер үлкен сүйек қабығын алып тастады. Операцияның соңғы кезеңіне созылған іштің алдыңғы қабырғасын түзету үшін абдоминопластика жасады.
Дәрігерлер өз тәжірибесінде мұндай оталар болғанын айтты. Алайда мұндай үлкен қатерлі ісікті алғаш рет көруі.
“Жыл сайын біздің институтта осындай клиникалық жағдайлар болып тұрады. Дегенмен бұл науқаста анықталған аналық без ісігінің көлемі бізді ғана емес, сонымен қатар АҚШ, Ұлыбритания, ТМД мен Океания елдеріндегі жетекші онкологиялық мекемелердегі әріптестерімізді де таңғалдырды. Олардың тәжірибесінде бұрын-соңды мұндай көлемді ісік болмаған. Алынған тығыз капсулалы ісіктің салмағы шамамен 30-35 келі болды”, – дейді Қазақстан онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Диляра Қайдарова.
Бұған дейін Жамбыл облысында дәрігерлер науқастың ішінен 6 келілік қатерлі ісікті алып тастаған еді.