Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Отадан кейін Вьетнамға ұшқан қазақстандық инсульт алды. Арнайы борт кім үшін жіберілді?

Бірнеше күн бұрын Вьетнамнан арнайы медициналық бортпен жеткізілген пациент жайында ел арасында түрлі әңгіме тарады. Денсаулық сақтау министрлігі науқастың кім екенін жарияламаған соң қазақстандықтар «арнайы ұшақты кім үшін жіберді?» деп болжауға кірісті, деп жазады qandastar.kz 

«Егер расымен қарапайым азамат болса, онда мемлекеттік медицинаның мүмкіндігі жаман емес деген сөз. Бірақ мені басқасы ойландырады, адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі қайда?

51-52 жастағы адамға ауыр операциядан кейін бірден Вьетнамға ұшу  үлкен тәуекел. Тіпті, дені сау адамдардың өзі 8 сағаттық ұзақ ұшуды, оның үстіне ыстық әрі ылғалды климатты ауыр көтереді. Ал мұндай жағдайдан кейін ағзаға түсетін салмақ бірнеше есе артады. Нәтижесінде — инсульт.

Иә, «Оқжетпестегі» ем бағасы қымбат. Бірақ шипажай іздесең, ел ішінде де балама жеткілікті, — деп жазды блогер Самат Ысқақов фейсбук парақшасында.

Айта кетейік, шетелде жүрген Қазақстан азаматы шұғыл елге жеткізілді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 1973 жылы туған ер адам отадан кейін Вьетнамға барған. 52 жастағы науқас геморрагиялық инсульт алған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button