ЖаңалықтарШоу бизнес

«Отанымды жемей, барып қолдаңдар»: танымал блогер Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелін сынағандарға шүйлікті

Жуырда Мөлдір Мұқанның «Шай в большом городе» атты киносы жарық көрген болатын, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Желіде киноға сын айтқандар көбейіп кетті.

Құралай ханым есімімен танымал блогер өзінің әлеуметтік желісінде киноға барғанын, туынды өзіне ұнағанын айтып, жазба жариялады.

«Сын айтып, бармаңдар деп шулап жатқандарға айтарым: пәлен жыл Индияның дыш-дыш еткізіп, өтірік ұрған, басы қылтылдаған Анандиін Қазақтың мен-мен деген мықты каналадары сатып алып, көріп келдік қой», — дейді блогер.

Ол Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйеліне қолдау білдірді.

«Жылдар бойы отбасын алдап келген есерсоқ ерлерді өзгерте алмасаң да, шындықты шырылдап айтып, өсіп келе жатқан жігіттерге өз өміріңмен үлкен сабақ беріп, екіжүзділіктің, өтіріктің аяғы не болатынын көрсеттің.

Көп нәрсеге көз жұмып, шыдап, жылап өткен әжелеріміз, аналарымыздай «терпила» болмауды бізден кейінгі буын сіңілдерімізге — басыңа түскен сынаққа сынбай, құламай, жыламай қайта жарқырап ән айтып, кино түсіріп, мықты болуды үйретіп жатсың!», — дейді Құралай Серікқызы.

Back to top button