Қаржы және төлемдер

«Отбасы банкке» ресми мәртебе берілмек

Фото: ашық дереккөз

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп жазады qandastar.kz

«30 қазанда Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қабылдады. Заң жобасы аясында Отбасы банкіне азаматтарды есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бере отырып, ұлттық даму институты мәртебесін беру ұсынылады», – деп жазылған құжаттың түсіндірме жазбасында.

Аталған заң жобасы бойынша баспана кезегіне қою, кезектің сақталуын қадағалау, кезектегілерге тұрғын үй үйлестіру жұмыстары «Отбасы банк» пен соның жанынан құрылатын Тұрғын үймен қамту орталығына беріледі.

Құжатты Мәжіліс Сенат ұсынған өзгерістермен бірге қабылдап, Президентке жолдаған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close