Жаңалықтар

Отбасылық дәрігер: Мәсімов ұйғыр емес, оның руы найман

Фото: Тенгриньюс.кз

Қаңтардан кейін мемлекетке опасыздық жасады деп 18 жылға сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ұлты  –  қазақ.  Бұл туралы YouTube арнасына берген сұхбатында Мәсімовтер отбасының емдеуші дәрігері Арай Төлемісова айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz

«Қажымқан Мәсімовті (Кәрім Мәсімовтің әкесі – ред.) көбі ұйғыр санайды, бірақ олай емес.Мен оның компьютерінен бір құжатты көрдім, онда оның руы найман деп көрсетілген. Өз аузынан да ақсулық, найман руынан екенін естідім. Ақсуда мешіт салдырған», – дейді дәрігер.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың сәуірінде сот Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарған болатын. Ол мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуға үгіттеді және билікті асыра пайдаланды деп айыпты деп танылды.

Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша жалғасуда («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)») және  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде пара алу»).

Жақында Мәсімов Тоқаевтан кешірім сұраған еді. Алайда, кешірім берілген жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close