Жаңалықтар

«Отбасымның ай сайынғы шығыны 500–600 мың теңге шамасында» – Асқарбек Ертаев

Фото: primeminister.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев өзінің отбасылық шығындары туралы айтып өтті, деп хабарлады qandastar.kz. Оның айтуынша, отбасында жұбайы мен төрт баласы бар.

– Екі балам ересек, жұмыс істейді. Қалған екеуі менің асырауымда. Кенже ұлым үш жаста, балабақшаға барады. Ал жұбайым әзірге жұмыс істемейді. Біздің ай сайынғы орташа шығынымыз 500–600 мың теңге көлемінде. Бұл қаражат балалардың оқуына, балабақшаға, ойыншықтар мен отбасылық қажеттіліктерге жұмсалады, – деді вице-министр.

Сонымен қатар, Асқарбек Ертаев өзінің нақты табысын жария етуден бас тартты.

–  Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы Үкіметтің қаулысымен белгіленеді. Бұл мәлімет қызметтік сипатқа ие және қолжетімділігі шектеулі. Егер ресми түрде сұрау салынса, жазбаша жауап беріледі, – деп түсіндірді ол.

Back to top button