Жаңалықтар
Отбасындағы зорлық-зомбылықты үй ішінен сыртқа шығармау әдетке айналған – ІІМ
Өткен жылы Ішкі істер органдарына отбасында зорлық-зомбылық көрсету бойынша 99 026 факті тіркелген.
«Зорлық-зомбылықтың мән-жайы жәбірленушіден, куәгерлерден және құқық бұзушының өзінен жауап алу арқылы нақтыланады. Сонымен қатар бейнекамералардан алынған айғақтар, ақпарат көздерінде жарияланған видеолар, оқиға орнына келген полицияның тексеру негізінде толтырылған хаттама және басқа да айғақтармен дәлелденеді», – делінген ресми ақпаратта.