ЖаңалықтарШоу бизнес

«Өте қарапайым, жасандылық жоқ»: Димашпен ұшақта бірге отқан қыз әсерлі жазба жариялады

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен бір рейсте қатар отырғанын көрген жолаушы ерекше әсерге бөленді, деп жазады qandastar.kz

Айгүл Темірқұлова есімді жолаушының айтуынша, атақты әнші ешқандай күзетсіз, жалғыз өзі жол жүрген.

«Ұшақта дәл қасымда Димаш Құдайберген отырды. Ешқандай қорғаушысыз, жай ғана көзілдірік пен маска тағып алған. Ұшу аяқтала салысымен жүгіріп кете барды. Аңыз адам, бірақ сондай қарапайым, еш жасандылығы жоқ. Онымен қатар отыру – мен үшін үлкен бақыт. Тіпті бірге селфи де түсіріп үлгердік», – деп жазды ол.

Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, пікірлер қарша жауды. Тіпті шетелдік жанкүйерлер де Димашқа деген ыстық ықыласын тоқтатар емес.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button