Қаржы және төлемдер
Өтемұратов тағы екі банкті иеленуі мүмкін
Фото: Булат Утемуратов. ©kursiv.kz
ForteBank RBK BANK пен Еуразиялық банкті сатып алу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды qandastar.kz Toppress телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«Banksta ресейлік телеграм-каналының ақпаратына сәйкес, тиісті тексеру процесі басталып, алдын ала баға ұсыныстары жасалды», – делінген хабарламада.
Мәміле орындалса, бұл ForteBank-ке нарықтағы позициясын айтарлықтай нығайтып, Halyk Bank және Kaspi Bank (NegeKz) сияқты Қазақстандағы ең ірі үш банктің біріне айналуға мүмкіндік беретіні атап өтілген.