Жаңалықтар
«Отқа май құю шариғатқа қарсы»: Ардақ Назаров тағы елдің ашуына тиді

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров журналистерге берген пікірінде елдегі бірқатар салт-дәстүрге ұарсы шықты. Әсіресе “отқа май құю” шариғатқа қарсы деп мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz сайты.
“Ақылға қонымды ырым-тыйымдар болса, мен оны қолдаймын. Ал егер шариғатқа сәйкес емес, әр түрлі зиян келтіретін ақылға қонымсыз ырым-тыйымдар болса мен оны қолдамаймын. Мәселен, отқа май құю дейміз. Тағы қайсын айтсақ болады? Көп қой енді ырымдар… Біздегі ырым-тыйымдардың көбісі хадистермен байланысты екен. Яғни біздің Ислам дінімен біте қайнасып кеткен ырым-тыйымдар өте көп екен. Соңғы кезде соны оқып таңғалдым. Мысалы, табалдырықта тұрмау, есікті кермеу сияқты ырым-тыйымдар түп негізі хадиске негізделген екен”,- деді Ардақ Назаров.