ЖаңалықтарМәдениет

«Отырарда жерленеді»: Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты орындалатын болды

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты орындалатын болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ақынның жары Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, марқұмның соңғы аманаты жайлы айтқан болатын.

Онда Мұхтар Шахановтың өз туған топырағы саналатын Отырар өңіріндегі қасиетті Арыстан баб кесенесі маңына жерленуді өсиет еткені айтылған.

Артынан Қазақстан жазушылар одағы ақынның денесі Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында жерленетінін хабарлады.

Алайда ақынның немересі Қайырхан Балғабеков жоспарға өзгеріс енгізілгенін хабарлады.

«Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленетін болды», — деп жазды ол.

Ақынмен ресми қоштасу рәсімі 21 сәуір күні сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button