
«Что было дальше?» орыс тілді әзіл-сықақ интернет-шоуында өнер көрсеткен актер Юрий Гальцев Қазақстанның тұңғыш президентімен кездесуін еске алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев актерден өзінің сүйікті әнін орындап беруді сұраған.
«Ол (ред. — тұңғыш президент) маған «менің сүйікті әнімді айтшы» деді. «Поехал брат к сестре»… Мен «Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз бұл әнді білуіңіз мүмкін емес» дедім. Ал ол маған «бұл менің сүйікті әнім» деді. Мен сенбедім. Ал ол қасындағы досына бірдеңе деді. Досы телефонын алып, қоңырау шалды. Сол сәтте Нұрсұлтан Әбішұлының телефоны шылдыр ете қалады. Және менің әнім қосылады», — деп еске алды ол.
Айтуынша, сот сәтте ерекше мақтаныш сезімі пайда болған.



