Әлеумет және қоғам

Өз құқықтарын білсе, көмек көрсететін едік: Дүйсенова Ербаян Мұхтар туралы баяндады

Фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Ербаян Мұхтарға қатысты тың ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz Stan.kz сайтына сілтеп. 

Үкімет отырысында Дүйсенова Ербаянға мемлекет көмек көрсетер еді дейді. Оның сөзінше, сарбаздың ата-анасы ештеңе сұрамады.

«Олар дұрыс ақпараттанбаған. Ата-ана өз құқықтарын, мемлекеттік қолдаудың қандай түрлерін алу керегін білмеді. Егер өз құқықтарын білсе, бірден көмек көрсетілер еді», – деді Дүйсенова.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сарбазға дәрігерлердің қандай көмек көрсеткенін айтты.

«Науқасқа ота жасалды. Отадан кейінгі кезеңде 26 күн оңалту шаралары жасалды. Тиісті ұсыныстармен науқас үйіне шығарылды. Қазір оған қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Науқас өкілдеріне хабарластық, анасын оңалтуға жолдама дайындады», – деді Ақмарал Әлназарова.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close