Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Өзбекстан атынан өнер көрсеткен қазақ боксшысы Олимпиадада алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото: sports.kz
Бокстан Өзбекстан құрамасының мүшесі, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Париждегі Олимпиада ойындарында алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
1/8 финалда 63,5 келі салмақ дәрежесінде әлем және Азия чемпионы Абдуллаев шаршы алаңда мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен сенімді түрде жеңіске жетті – 5:0. Осылайша, ширек финалға шықты.
Айта кетейік, 63,5 келіде Қазақстан намысын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қорғайды. Ол да бүгін кешке 1/8 финалдық кездесуін өткізеді.