Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Өзбекстан мен Ауғанстан шекарасы қайта сызылады
Фото: ашық дереккөз
Ауғанстанның энергетика және су ресурстары министрі міндетін атқарушы Абдуллатиф Мансур Ауғанстан мен Өзбекстан арасындағы шекара су тасқынынан кейін қайта қаралатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды qandastar.kz
Оның айтуынша, су тасқыны Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанмен шекараларды шайып кетті, бұл үшін Ішкі істер, Қорғаныс, Барлау және Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп әзірлеген жаңа стратегия бойынша олардың жаңа демаркациясы қажет.
Мансур Ауғанстан үшін су ресурстарын басқару мен энергия өндірудің маңыздылығына тоқталды. Ол еліміз көршілес елдерге зиянын тигізбей, бөгет салу, су, жел және күн ресурстарын пайдалану арқылы өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылатынын атап өтті.